«Бесік басында» - Алтынай Жорабаева (ВИДЕО)

«Бесік басында» - Алтынай Жорабаева (ВИДЕО)


08:38, 15 ақпан 2016
553 - рет қаралды

Әні: Д.Сыздықов, сөзі: М.Мақатаев.


Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,

Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ,

Баламды ұйықтап жатқан тербетуге.

 

Ұйықта, балам, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,

Керек емес дүние, асылдарың!

Бақыт, байлық – барлығы бір мен үшін,

Мойныма бір кеп сенің  асылғаның.

 

Аймалайсың жанымды күлкіңменен,

Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.

He дейсің, сен  бұртиып, айтшы, сәулем?!

Жүректі қытықтаған бір тілменен?

 

…қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық! Тыныштық қандай рахат!

Сәбилер  қандай рахат жыламаған!

 

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,

Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,

Баламды ұйықтап жатқан тербетуге!

 

«Жыр тұлпары - Мұқағали». М.Мақатаевтың туғанына - 85 жыл. Концерт


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні