Әйгерім Қалаубаева. «Ойламашы» (БЕЙНЕБАЯН)

Әйгерім Қалаубаева. «Ойламашы» (БЕЙНЕБАЯН)


09:31, 19 қаңтар 2016
1368 - рет қаралды

Ойламашы


Еркелеймін деп жүріп,

Өкпелетіп алдым ба?!

Тағы сенің алдыңда

Кінәлі боп қалдым ба?!

 

Неге маған сенбейсің?!

Қайта-қайта тергейсің,

Неге жаным шындықты

Көздерімнен көрмейсің?!

 

Қайырмасы:

Жаман деп қарамашы,

Басқаша ойламашы.

Жанымды берем,

Бақытты етем,

Тек мені тастамашы.

 

Мінезімді білесің,

Әрең шыдап жүресің.

Бірақ, жаным, сонда да

Мені ғана сүйесің.

Болмысым да, барым да,

Мені осылай қабылда.

Басқаша бола алмаймын,

Солай жаратқан Алла.

 

Қайырмасы:

Жаман деп қарамашы,

Басқаша ойламашы.

Жанымды берем,

Бақытты етем,

Тек мені тастамашы.

Жаман деп қарамағын,

Басқаша ойламағын.

Жанымды берем,

Бақытты етем,

Тек мені тастамағын.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні