Қайрат Нұртас. «Аңсайды жаным» (БЕЙНЕБАЯН)

Қайрат Нұртас. «Аңсайды жаным» (БЕЙНЕБАЯН)


08:41, 5 қаңтар 2016
515 - рет қаралды

Аңсайды жаным


Тым жақын, әрі тым алыс,

Әрі мұң, әрі қуаныш.

Амалым қанша, білдірмей,

Бәрін де сезіп тұрады іш.

 

Ақ парақ аспан ақ бұлтқа,

Атыңды жазар қаламұш.

Ауаны жұттым сен жұтқан

Өзіме сол да жұбаныш.

 

Қайырмасы:

Аңсайды жаным,

Өткеннің бәрін.

Бақытты шағым,

Бәрі де елес.

Өшпейтін жалын,

Өміршең әнім.

Ұмыту бәрін

Ол мүмкін емес.

Аңсайды жаным, бәрін.

 

Тыныштық және арпалыс,

Алдамшы өмір жанбағыс.

Уақыт болар төреші

Шынайы әлде жалған іс.

 

Неліктен бұлай болды деп,

Кеудеңе толар таңданыс.

Көзіңнен көрдім көп жылу

Өзіме сол да алданыш.

 

Қайырмасы:

Аңсайды жаным,

Өткеннің бәрін.

Бақытты шағым,

Бәрі де елес.

Өшпейтін жалын,

Өміршең әнім.

Ұмыту бәрін

Ол мүмкін емес.

Аңсайды жаным, бәрін.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні