Роза Әлқожа. «Сіз» (ВИДЕО)

Роза Әлқожа. «Сіз» (ВИДЕО)


17:35, 12 наурыз 2016
484 - рет қаралды


Баянын тауып бақыттың,

Балбырап сезім ол кетті.

Жұлдыздар жауған жақұт түн,

Жанымды менің тербетті.

Аңқаңыз кеуіп сағына

Аласаруға қалайсыз?

Ұялшақ қыздың жанына

Ұрыншақ көзбен қарайсыз.

Сөзіңіз неткен ізгі еді...

Сескеніп қалдым жиып бой.

Мендегі сезім сіздегі

Сабырсыз ойдан биік қой!

Бақ-гүлін арнап бұл қызға,

Баябан шөлден жетіп ең.

Баянға күмбез тұрғызба!

Жаурайды ол желдің өтінен.

Үңілмеңізші жүрекке -

Құлап кетесіз, өтінем.

Тұрмастай болып құлайсыз,

Шыңырауын құздың мекендеп.

Еңіреп сосын жылайсыз,

Неге жолықтым екен деп....

Бақ-гүлін арнап бұл қызға,

Баябан шөлден жетіп ең.

Баянға күмбез тұрғызба!

Жаурайды ол желдің өтінен.

Үңілмеңізші жүрекке -

Құлап кетесіз, өтінем.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні