«Сәкен аға» - Сәкен Әлімханов (ВИДЕО)

«Сәкен аға» - Сәкен Әлімханов (ВИДЕО)


21:37, 4 қаңтар 2016
439 - рет қаралды

Әні: Ж.Әлімханов Сөзі: К. Салықов


Сұңқар шабыт аққу әнін жалғаған,

Сендей асқақ, Сәкен аға, бар ма адам?!
Тайғақ кешу,  бас құрбаны болмасаң,
Білер еді-ау, есіміңді бар ғалам.

Өлең сөздің гауһар тастай дарасы,
Сенсіз қазақ толмас, өмір сабасы.
Саған мәңгі алғыс айтар сексен көл,
Көкшетаудың орман, тоғай, даласы.

Самғай берші, ақын аға, самғашы,
Бұзылмайды асыл өнер арнасы.
«Жезкиігім» өз күйігін баса алмай,
«Тау ішінен» шыққан әннің жалғасы.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні