2016 жылдың басынан Еуропаға 55 мыңнан астам мигрант пен босқын келді

2016 жылдың басынан Еуропаға 55 мыңнан астам мигрант пен босқын келді


16:00, 31 қаңтар 2016
229 - рет қаралды



Жыл басынан бастап Жерорта теңізі бойынша Еуропаға 55 528 мигрант пен босқын келген. Сонымен қатар, жолшыбай 244 адам қаза тапты, деп хабарлады ТАСС.

Бұл туралы Женевада өткен брифингте Халықаралық көші-қон ұйымының ресми өкілі Джоэл Миллман хабарлады.

«ХКҚ бағалауынша, 2016 жылдың басынан Еуропаға өту үшін Жерорта теңізін 55 528 мигрант пен босқын кесіп өткен. Яғни күніне 20 мыңдай адам», - дейді Джоэл Миллман.

Осыған қоса, Жерорта теңізінде 244 адам қаза тапты. 10 мигрант пен босқын Еуропаға жеткен кезде немесе Түркия жолында қайтыс болған. 2014 жылғы қаңтарда теңізде 12 адам суға батып, 2015 жылғы қаңтарда 82 адам ажал құшқан.

Джоэл Миллман 52 055 мигрант пен босқын Грекияға, 3473 - Италияға келгенін нақтылады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні