2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға қатысты алғашқы рекорд тіркелді

2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға қатысты алғашқы рекорд тіркелді


10:10, 9 наурыз 2016
245 - рет қаралды



Дүниежүзілік додаға әлемнің 54 елі қатысады. Бұл туралы Халықаралық студенттер федерациясының Брюссельде өткен жиынында белгілі болды. 

2017 жылы Алматыда өтетін байрақты бәсекенің тек біздің еліміздің ғана емес, әлемнің тарихындағы орны ерекше. Рекордтық көлемдегі елдер қатысатындығы бір бөлек, бұған қоса бұндай дүбірлі дода ТМД аясында бұрын-соңды болмаған.

Сонымен қатар, Қысқы Универсиада тарихында алғаш рет атлеттер қалашығы салынбақ. Аталған жұмыстарға жауапты Әсет Абдуалиев қазірдің өзінде құрылыс жұмыстарының 2/3 бөлігі аяқталғанын хабарлады. 

Сондай-ақ, Алматыдағы сайыстарды әлемнің ең беделді телеарналары тікелей эфирде тарататын болды. Олардың қамтитын аудиториясы орташа есеппен – 1 миллиард адам.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні