81 жыл бұрын Уоллес Каротерс нейлон ойлап тапты

81 жыл бұрын Уоллес Каротерс нейлон ойлап тапты


17:30, 28 ақпан 2016
252 - рет қаралды



«Дюпон де Немур» фирмасының орталық лабораториясында жұмыс істеген америкалық химик Уоллес Хьюм Каротерс 1934 жылы полиамидті шайырды (смола) синтездейді. Соның негізінде Каротерс бір топ ғалыммен бірігіп, 1935 жылдың 28-ші ақпанында дәл сол лабораторияда жаңа синтетикалық талшық ойлап табады. Ол нейлон деп аталады.

Тәжірибелер одан арай жалғаса берді. Алайда, 1937 жылдың 29-шы сәуірінде ол өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болады. Өкінішке орай, ол өзі ойлап тапқан заттың әлемге қалайша тарағанын көре алмады. 1938 жылдың 27-ші қазанында «Дюпон де Немур» фирмасының басшылары нейлонды ойлап тапқандарын ресми түрде жариялайды.

Ал, 1939 жылы нейлон АҚШ-тың Вилмингтон қаласының универмагтарында сатыла бастайды. Бұл әлемдегі ең алғашқы нейлонды шөлкелер еді. Небары жарты жылдан кейін Нью-Йоркте 1 күннің өзінде 5 миллионға жуық шөлке жұбы сатылды.  


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні