Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жол жабық


11:51, 18 наурыз 2016
221 - рет қаралды

Бүгін Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Екатеринбург-Алматы» автожолында, СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейін учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.



«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Ақтөбе-Орск»  Ш.Қалдаяқов кентінен РФ шекарасына дейін, «Ақтөбе қ. солтүстік айналма жол», «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай», Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін учаскеде  көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі): «Екатеринбург-Алматы», Қарағанды қаласы учаскесінен Балқаш қаласына дейін; «Екатеринбург-Алматы», Теміртау қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейінгі учаскеде қоғамдық және жүк көліктері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

 

inform.kz


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні