Ақын Шөмішбай Са­риев бүгін «Келбет» хабарында

Ақын Шөмішбай Са­риев бүгін «Келбет» хабарында


08:08, 27 наурыз 2016
447 - рет қаралды


Шөмішбай Са­риев – қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Франц Кафка атындағы халық­ара­лық Алтын медаль, «Платина Тарлан», «Жыл Адамы – Алтын адам» сыйлықтарының лауреаты.

Шөмішбай Са­риевтің алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрді. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. Шөмішбай Сариев «Сәлем саған, туған ел», «Домбыра», «Қарағым-ай», «Сарыарқа», «Аралдан ұшқан аққулар», «Атамекен-ай», «Аққу-сенім», «Жер Ана», «Ән жүрегім туған ел», «Үкілі домбыра», «Дос керек», «Бозжорға»  атты бірнеше ән-өлеңдердің авторы. 

Ақын шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 15:05-те «Келбет» хабарынан көре аласыздар.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні