Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханның елге беймәлім бес суреті табылды (ВИДЕО)

Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханның елге беймәлім бес суреті табылды (ВИДЕО)


07:55, 4 наурыз 2016
834 - рет қаралды

Әлі еш жерде жариялана қоймаған жәдігерлер атақты орыс фотографы Карл Булланың архивінен шыққан.


Ертең - қазақ руханияты үшін айтулы мерейтой. Саясаткер, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алаш автономиясы үкіметінің тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толады.

Журналист Серікбол Хасан Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханның елге беймәлім бес суретін тапты. Әлі еш жерде жариялана қоймаған жәдігерлер атақты орыс фотографы Карл Булланың архивінен шыққан.

Суреттер мерейтой қарсаңында шығатын тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлының көптомдығына енгізілмек.

«Әлиханның қазақ халқына қалдырып кеткен ең құнды мұрасы – қазіргі қазақ жерінің территориялық аумағын сол кездегі жағдайға байланысты мейлінше қорғап қалуға тырысуы», дейді алаштанушы Болат Мүрсәлім. 

Ал, ғылымға қатысты істердің басынан табылған Алаш көсемінің кезінде қазақ зиялыларына жазған хаттары туралы филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақованың баяндауында «Таңшолпаннан» тыңдаңыздар.

 

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні