Алматы хайуанаттар бағындағы аюлар қыс мезгілінде ұйықтамайды (ВИДЕО)

Алматы хайуанаттар бағындағы аюлар қыс мезгілінде ұйықтамайды (ВИДЕО)


08:26, 5 ақпан 2016
303 - рет қаралды

Жануарлардың биологиялық ырғағының бұзылуына жаймашуақ ауа райы әсер еткен.


Алматы хайуанаттар бағында 9 аю бар. Қыс мезгілінде ешқайсысы ұйықтамайды. 10 жылдан бері осылай қайталанып келеді. Жануарлардың биологиялық ырғағының бұзылуына Алматының жаймашуақ ауа райы әсер еткен.

Аюлар күні бойы серуендеп, суға шомылады. «Олардың ұйықтамауына келіп тамашалаушылардың дауыстары да әсер етеді», дейді зообақ қызметкері Гүлназат Құсақбаева.

Аюлар күніне 50 келі тамақ жейді. Жаз, күз айларында май жинап алатындықтан, қыста негізінен көкөністі қорек етеді. Мезгіл ауысқанда жүндері түсіп, түлейді.

Табиғатта Орталық Азияның орманды тауларын мекендейтін жануарлар туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні