Алматы қаласында «Оңай» электронды жол жүру билеттері қолданысқа енді

Алматы қаласында «Оңай» электронды жол жүру билеттері қолданысқа енді


18:52, 1 наурыз 2016
355 - рет қаралды

Қарапайым бірыңғай билеттің бағасы - 7200 теңге, ал әлеуметтік билет - 2000 теңге тұрады.



Бүгіннен бастап Алматыда «Оңай» электронды жол жүру билеттері қолданысқа енді. Қарапайым бірыңғай билеттің бағасы - 7200 теңге, ал әлеуметтік билет - 2000 теңге тұрады.

Оларды арнайы дүңгіршектерден сатып алуға болады. Оқушыларға арналған айлық билет  1000, студенттер үшін 3000 теңге тұрады. Оны алу үшін жеңілдік туралы құжат немесе «Оңай» картасы қолда болса жеткілікті. Келесі айдан бастап аталған айлық билеттің ақысын терминалдар арқылы төлуге болады.

Жалпы ақпан айында қала бойынша «Оңай» картасы 17 млн рет пайдаланылып, 1 млрд-тан аса қаражат түскен. Бүгінге дейін 1 млн  «Оңай» картасы сатылған. Оның 424 мыңы жеңілдікпен ұсынылса, 559 мыңы  біріңғай жол картасы.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні