«Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің эскизі конкурсының жеңімпазы анықталды

«Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің эскизі конкурсының жеңімпазы анықталды


12:50, 11 наурыз 2016
342 - рет қаралды

Кеше Алматыда «Алматы қаласының 1000 жылдығы» логотипінің эскизі конкурсының жеңімпазын жариялауға қатысты баспасөз мәслихаты өтті.



Байқауға түскен 123 жұмыстың ішінде «PilotComm» жарнама агенттігінің креативті командасы жасаған жоба жүлдегер деп танылды.

«Конкурстың мақсаты - Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған логотипті жасау және оны мерекелік шараларда символика ретінде пайдалану. Үздік, концептуалды жоба қаланы, қоғамдық көлікті, вокзалдарды, әуежайды, дүкендерді, қонақүйлерді, сувенирлік өнімдерді әрлендіруде қолданылатын болады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Конкурстың жүлделік қоры 1 000 000 (бір миллион) теңге.

Естеріңізге сала кетейік, конкурс 2016 жылдың 22 қаңтарынан 22 ақпан аралығында almatymadeniet.kz ресми порталында өтіп, оған 123 өтінім түсті.

Конкурстық жобаларға қойылатын басты талап - жобада Алматының мәдени-тарихи дәстүрлері, табиғаты, сәулет ерекшеліктері, заманауи бренді көрініс табуы тиіс болатын.

Атап өтерлік жайт, Алматының 1000 жылдығы ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен 2016 жылы ЮНЕСКО-ның мерекелі және айтулы даталар жөніндегі ресми күнтізбесіне енген.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні