Алматы тұрғындары Дінмұхамед Қонаевты еске алды

Алматы тұрғындары Дінмұхамед Қонаевты еске алды


17:03, 12 қаңтар 2016
280 - рет қаралды

Бүгін -ұлы тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні.



Бүгін -ұлы тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Ұлт қайраткерінің туғанына биыл -104 жыл.

Алматыда аса көрнекті мемлекет қайраткерінің рухына арнап күллі қазақ жұрты гүл шоқтарын қойды. Қажырлы еңбегінің арқасында көптің ықыласына бөленген азаматтың туған күнін халқы атаусыз қалдырмады. Өткен өмірі күрделі де қиын қыстау кезбен тұспа-тұс келгенімен, Дінмұхамед Ахметұлы Қазақстанның экономикасын барынша дамытты.

Елімізде әлеуметтік саланы және ғылымды, ұлттық мәдениетті дамыту ісінде зор еңбек сіңірді. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алып, сегіз рет «Ленин» орденімен марапатталды. Тағылымы терең академик Димаш Ахметұлы 100-ден аса ғылыми еңбек жазып қалдырған.

«Димаш Ахметұлы қасымызда болмағанымен, ол секілді ұлты үшін жанын берген азаматтардың есімі еш өлмейді. Өйткені олардың жарқын есімдері халықтың мәңгі жадында, жүрегінде қала береді. Димаш Ахметұлы Алматыда Республика сарайын, Медеу кешенін және «Қазақстан» қонақ үйін, цирк пен Ұлттық кітапхана секілді тарихи маңызды нысандарды салды. Әрі Димаш Ахметұлы иманжүзді, мейірбан, көңілі дархан адам еді»,- деді ҰОС ардагері Сұлтан ЖИЕНБАЕВ.

almaty.tv

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні