«Алтын қорда» сақталған Роза Бағланованың орындауындағы «Қайдасың?» әні (ВИДЕО)

«Алтын қорда» сақталған Роза Бағланованың орындауындағы «Қайдасың?» әні (ВИДЕО)


09:33, 14 наурыз 2016
517 - рет қаралды

Сөзі: Нұрсұлтан Әлімқұлов, әні: Шәмші Қалдаяқов.


Сол бір кез есімде,

Жағасы бұлақтың.

Айлы түн кешінде

Сырласқан ұзақ түн.

Сүйкімді бейнеңді,

Жүректе сақтадым.

Арманым, сен едің

Сол жерден тапқаным.

 

Тағы да сол жерге,

Оралдым қайтадан.

Әлі тұр гүлдер де,

Самал жел шайқаған.

Қол бұлғап жырақта,

Тау да тұр аңсаған. 

Сен жоқсың бірақ та

Қайдасың, қалқажан?!

 

Көруге жаралған,

Сен бейне айнасың.

Өзіңсіз таба алман

Сағыныш айласын.

Сағыныш көңілде

Қуаныш жайласын.

Аңсадым жүзіңді,

Қалқатай, қайдасың?!

Жүрегім сені іздеп,

Жер бетін шарласын.

Аңсадым жүзіңді,

Қалқатай, қайдасың?!

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні