«Алтын ұя» атты жаңа отандық телехикая эфирге шығады (ФОТО)

«Алтын ұя» атты жаңа отандық телехикая эфирге шығады (ФОТО)


07:30, 5 ақпан 2016
451 - рет қаралды

Фильмнің қоюшы режиссері - Ержан Рүстембеков, продюссері Құралай Анарбекова.



«Қазақстан»РТРК» АҚ тапсырысы бойынша түсірілген «Алтын ұя» атты жаңа отандық телехикая жуырда Ұлттық арна көрермендерінің назарына  ұсынылмақ. Фильмнің қоюшы режиссері  Ержан Рүстембеков, продюссері Құралай Анарбекова.

ХІХ-XX ғасырлар тоғысында кең байтақ Қазақ даласына түрлі этнос өкілдері жаппай қоныс аудара бастады. Қазақ халқы түрлі қиындықтарға қарамастан, бәрін жылы шыраймен қабылдай білді.

16 сериядан тұратын  кинотуындыда қазіргі бейбіт заманда өмір сүріп жатқан қазақстандық отбасылардың тұрмысы мен дәстүрі, қызметі мен бизнесі,  олардың Қазақ даласына деген махаббаты мен кең байтақ еліміздің дамуына  қосқан үлестері туралы баяндалады.

Фильмде тоқсаныншы жылдардан бастап, қазірге дейінгі кезең қамтыла отырып, сол оқиғалардың аясында Астананың аз уақыт аралығында өсіп-өркендегені баяндалады. Оқиғалар түрлі ұлыс өкілдері мекендейтін Целиноград ауданына қарасты Новоишимка ауылында өрбиді.

Фильмнің басты қаһармандары - Қаратаевтар отбасы.

Басты рөлдерді Нұржұман Ықтымбаев, Райхан Айтқожанова, Нүркен Өтеулов, Бейбарыс Өтеуіл, Олжас Жақыпбек, Жанат Оспанов, Ақмарал Танабаева, Татьяна Заводовская, Анна Старченко, Александр Лукашевич, Максим Ященко.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні