Алжирдегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстан кемінде 10 адам мерт болды

Алжирдегі мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстан кемінде 10 адам мерт болды


18:15, 5 қаңтар 2016
348 - рет қаралды

Әзірге өрттің неден пайда болғандығы жөнінде мәлімет жоқ.



Қайғылы жағдай Алжирдің шығысында орналасқан Скикда қаласындағы Sonatrach компаниясының мұнай өңдеу зауытында болған. Өрттің салдарынан зауытта жарылыс болып, кемінде 10 адам қаза болды. 

Бұл туралы Алжирдің «Ан-Нахар» телеарнасына сілтеме жасай отырып, Parisien басылымы хабарлады.

Басылымда әзірге өрттің не терактінің не техникалық ақаулардың салдарынан пайда болғандығы жөнінде қандай да бір мәлімет жоқ. Бұл оқиғаға қатысты билік өкілдері де әзірге ешқандай мәлімет таратпастан үнсіз отыр.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні