Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы бірнеше симфониялық концерт ұсынбақ

Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы бірнеше симфониялық концерт ұсынбақ


16:58, 16 ақпан 2016
293 - рет қаралды

Концерт дирижері – Ернар Нұртазин.



Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының музыканттары елордалық тыңдармандар назарына бірнеше симфониялық концерт ұсынбақ, онда белгілі композиторлардың классикалық шығармалары, сондай-ақ, халық аспаптары ансамблімен кинофильмдерден саундтректер орындалады.

Ертең Қазақ өнер университетінің орган залының сахнасында симфониялық оркестрдің солистерінің, скрипкашы Арал Байсалақовтың және флейтист Жібек Сапарғалиеваның орындауында тыңдаушылар назарына К. Мусин, И. Брамс, Е. Магалиф, П. Чайковскийдің шығармалары ұсынылатын болады. Концерт дирижері – Ернар Нұртазин.

18 ақпанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Конгресс-Холлда» қазақ оркестрінің «Музыка – тілсіз әлем» концерті өтеді.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Айтқали Жайымовтың және дирижер Нұрлан Бекеновтың басқаруындағы қазақ оркестрінің, сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахимардан Абиловтың орындауында қазақ, еуропалық композиторлардың музыкалары орындалады.

Симфониялық музыка тыңдармандары «Сарыарқа» халық аспаптары ансамблінің және Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы солисттерінің «Аңсау» атты концертін тамашалай алады, онда өткен жылдардың белгілі әндері мен әуендері, сүйікті кинофильмдерден саундтректер орындалады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні