«Астана» радиосына 17 жыл толды

«Астана» радиосына 17 жыл толды


09:40, 19 қаңтар 2016
264 - рет қаралды

«Астана» радиосы - Журналистика академиясының «Алтын Жұлдыз» жүлдесінің иегері.



1999 жылдың 19 қаңтарында 101.4 FM толқынында эфирге шыққан радио «Ең таңдаулысы сен үшін!» деген ұранмен қызмет атқарып келеді.

2013 жылдың 22 наурызында Астана радиосының astanafm.kz сайты ашылып, сол жылдың қарашасында видеотрансляция басталды.

Радио 2013 жылдың ақпанынан заман талабына сай, сандық құрылғылармен жұмыс істей бастады. 60 пайызы қазақ тіліндегі хабарлар, 40 пайызы орыс тіліндегі хабарлардың үлесіне тиесілі.

Радио 1999 және 2003 жылдардағы ең үздік ақпаратты топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын Жұлдыз» жүлдесін жеңіп алып, 2006 жылы «Үздік радио» атағына ие болды.

Қазіргі уақытта радиотолқыннан тарайтын «Мен қазақпын!», «Жаңару жолы», «Алдаспан», «Арайлы Астана», «Көкжиек» сынды бағдарламалар тыңдарман ықыласына ие.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні