Астанада 278 сайлау учаскесі құрылды

Астанада 278 сайлау учаскесі құрылды


17:54, 10 ақпан 2016
311 - рет қаралды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Онда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға дайындық барысы туралы Астана қалалық сайлау комиссиясының есебі ұсынылды.



Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы И. Жалбыровтың мәліметтерінше,  қалада қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 25 сайлау округі, 278 сайлау учаскесі құрылған. Олардың 213-і қала аумағында және 65-і Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің жанында орналасқан.

Астана қаласы бойынша сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді жалпы саны 2 мың 149 мүшесі бар 307 сайлау комиссиясы құрылған. Олардың арасында тиісті жұмыстарды 4 аумақтық, 25 округтік және 278 учаскелік комиссиясы жүзеге асырады.

Қалалық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларын оқытуды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі, ол үшін семинар, тренинг, кеңестер өткізуден бастап қажетті сайлау құжаттарымен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге дейін, түрлі нысандарды қолдануда.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні