Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді


17:30, 25 ақпан 2016
323 - рет қаралды

«Думан» ойын-сауық орталығы алдында өтеді.



ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында 29 ақпан - 6 наурыз аралығында күн сайын «Думан» ойын-сауық орталығы алдында (автотұрақ) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудандарының тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің өзге түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан төмен болады. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні