Астанада қазақ жырауларының шығармашылығына арналған кеш өтті

Астанада қазақ жырауларының шығармашылығына арналған кеш өтті


18:00, 28 қаңтар 2016
278 - рет қаралды

Бүгін ҚР Ұлттық музейінің үлкен залында «Жыр керуені» атты лекция-концерт өтті. Бұл «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты «Дәстүрлі музыкалық мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған алғашқы шара.



Дәріс барысында осы шараға жиналған қалың көпшілік қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерімен танысты. «Жыр керуені» лекциясын жүргізуші - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық университетінің профессоры, «Парасат» орденінің иегері, жырау Алмас Алматов.

Шараға А. Алматовтың шәкірттерінен 10 жас жырау келген. Алматов қазір жыраулық мектептің қайта жаңғырып, дамығанын, жастардың арасында 10 мың жолдық дастандарды жатқа айтатын жыраулардың өсіп келе жатқанын ерекше атап өтті, деп хабарлады astana.gov.kz.

«Елдің тарихы мен руханияты – жүз жылдық мәдениет, мың жылдық өркениетпен бізге жеткен, мол қазына. Бүгінгі «Жыр керуені» концерті сонау көне заманнан бері халықтың ақыл мен парасатының жиынтығын бізге жеткізген жыр өнеріне деген құрметтің белгісі», – деді А. Алматов.

Жыраулық дәстүрдің тарихы Күлтегін, Тоныкөк, Орхон Енисей жазуларынан, Естеміс-Бұмын қағандарға арналған мадақ жырларынан басталады. Одан кейінгі кезеңдерде Қорқыт ата, Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Үмбетей, Бұқар жыраулардың тізбегі жалғасады.Жыраулар сөзінде биік рух, қайрат, күш бар. Жыраулар елдің мұң-шерін, арман-мақсатын еш бүкпесіз ашық айтқан.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні