Астанада «Қазақстан – Ұлы дала елі» фотокөрмесі өтіп жатыр

Астанада «Қазақстан – Ұлы дала елі» фотокөрмесі өтіп жатыр


17:24, 27 ақпан 2016
267 - рет қаралды

Фотокөрмеге Астана мен Шығыс Қазақстан облысы фотографтарының қырыққа жуық еңбегі қойылған.



Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан – Ұлы дала елі» фотокөрмесі ашылды. Шара Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.

Фотокөрмеге Астана мен Шығыс Қазақстан облысы фотографтарының қырыққа жуық еңбегі қойылған. Онда еліміздің көрікті жерлері бейнеленген. Барлық туындылар шығармашылықпен және креативтілікпен орындалған.

«Маған фотографтардың жаңа тәсілі ұнайды. Көрмеде елімізді басқа қырынан танимыз. Астананың суреттеріне қарап тұрып, мүлдем басқа қаланы көресің. Елорда мүлдем басқаша бейнеленген», - деді көрмеге келушілердің бірі Әнуар.

Қазақ даласының табиғаты мен кеңдігінен шабыт алған қазақстандық фотографтар ерекше пейзаждарды фотоға түсіріп, көрермендер назарына ұсынып отыр. Көрмеде А. Байсыдықов, Г. Куприянов және С. Аязбай сынды фотографтардың Қазақстан бойынша түсірген ерекше кадрлары қойылған.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні