13 наурызда Астанада М.Төлебаевтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» операсы қойылады

13 наурызда Астанада М.Төлебаевтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» операсы қойылады


10:08, 9 наурыз 2016
213 - рет қаралды



Көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың аяқталмаған «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» шығармасының тұсаукесері 13 наурызда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының ресми сайты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Классиктер мен замандастар» атты концертте отандық симфониялық музыкалар және қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың шығармалары орындалмақ.

«Астана Опера» театры баспасөз қызметінің мәліметінше, Ғ.Мүсіреповтің либреттосына жазылған М.Төлебаевтың  «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» операсы жас ғашықтардың трагедиялық махаббаты туралы көне аңыздан алынған XIII-XIV ғасырлардағы лиро-эпостық поэмасының желісі негізінде жазылды.  

Опера музыкалық кештің бірінші бөлімінде ұсынылатын болады.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні