Астанада жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды

Астанада жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мәселелері талқыланды


17:53, 26 қаңтар 2016
334 - рет қаралды

Елорда әкімдігі ғимаратында «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру аясында жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.



Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен дін, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының өкілдері, сондай-ақ, студенттер қатысты.

Шараны ашу барысында Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Ассамблеяның қазіргі жұмысы оны елорда халқының 30 пайызын құрайтын жастар арасында дәріптеуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлады astana.gov.kz.

«Өткен жылдан бері жұмыс жоспарына «Студент жастардың Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетін нығайтуға қатысуы» тақырыбындағы жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциялар енгізілді. Бұл Ассамблеяның идеялары мен мақсаттарына студенттердің қызығушылығын ояту және жастарды оның қызметіне тарту үшін жасалуда. Ассамблея жұмысы патриоттық тәрбие беруге, түрлі халықтардың мәдениетін құрметтеуге баулуға, сонымен қатар, Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этностар мен мәдениеттерді дамытуға бағытталған, – деді Ләззат Құсайынова.

Отырыста тараптар отбасылық және ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын, діни экстремизмге қарсы іс-қимылдағы жастар ұйымдарының ролін, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы жастар әлеуетін және жастардың өз бетінше білім алуын сөз етті.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні