Астанада сайлау күні 3 мыңға жуық полицей қоғамдық тәртіпті қадағалайды

Астанада сайлау күні 3 мыңға жуық полицей қоғамдық тәртіпті қадағалайды


17:37, 18 наурыз 2016
395 - рет қаралды

Елордада сайлау күні 213 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қалада 3 мыңға жуық полицей қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Бұл туралы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселесіне байланысты Астанада өткен брифингте мәлім болды.



Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, Астана қаласының ішкі істер департаменті сайлау өткізу барысында жолдарда тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауда.

Оперативтік жағдайды тұрақтандыру үшін 16-18 наурызда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Ал кешеден бастап 24 наурызға дейін ІІД органдарының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Сайлау учаскелерінде 625 полицей тәулік бойы жұмыс істейді. Жеке құрамнан 3 мыңға жуық қызметкер сайлау және мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қала маңында орналасқан барлық бекеттер де күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшеді, – деді Б. Малыбаев.

 

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні