Астанада симфониялық музыка концерттері өтеді

Астанада симфониялық музыка концерттері өтеді


19:00, 25 қаңтар 2016
260 - рет қаралды

«Астана Опера» театрының оркестрі 2 ақпанда Үлкен зал сахнасында көпке танымал «Симфоника» циклынан симфониялық музыкадан концерт береді.



Солисті – мәскеулік дарынды пианист, «Astana Piano Passion-2015» III халықаралық байқауының лауреаты Виктор Маслов. Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Тыңдаушыларға симфониялық және аспапты музыканың жауһарлары: Д. Шостаковичтің №5 d-moll симфониясы, 47 шығармасы (1937) және П. Чайковскийдің оркестр мен фортепианоға арналған №1 b-moll концерті, 23 шығармасы ұсынылады.

«Д. Шостаковичтің симфониясында өте көп жұмбақ жатыр. Біз бұл құпияның сырын сәл ашып, композитордың өмірінен оның туындыларын түсінетіндей қызықты деректер туралы әңгімелейміз», - дейді маэстро.

Екінші бөлімде болашағы зор пианист өз өнерін ортаға салады. Виктор Маслов – ресейлік жас музыкант, Парижде, Анконада, Мәскеуде, Киевте өткен халықаралық конкурстардың жеңімпазы. 2015 жылы «Astana Piano Passion-2015» конкурсында екінші сыйлық пен екі арнайы жүлдені иеленген.

Музыкант П. Чайковскийдің оркестр мен фортепианоға арналған №1 b-moll концерті, 23 шығармасын орындайды.
Концерттің басталуы – сағат 19:00. Билет құны – 500 теңгеден жоғары, деп хабарлайды astana.gov.kz.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні