Audi компаниясы 2018 жылы электрокроссовер жасауды бастайды

Audi компаниясы 2018 жылы электрокроссовер жасауды бастайды


16:00, 23 қаңтар 2016
223 - рет қаралды



Audi компаниясы 2018 жылдан бастап өз электрокроссоверінің сериялық өндірісін қолға алады, деп хабарлайды Autonews.de. Көлік Брюссельдегі зауытта жасалады. Қазір бар ақпарат бойынша, бұл модель Q6 деп аталып, нарықта Tesla Model X көлігімен бәсекелеседі.

Audi Q6 бір рет толық қуат алып, 500 шақырымдай жүре алады. Көлік қуаты – 500 ат күші. Оның үш электрқозғалтқышы мен LG және Samsung жасап беретін аккумуляторы болады. Осылайша бұл үлгі әлемдегі ең жылдам кроссоверлер қатарына енбек.

Жаңа автокөлік Q7 негізінде жасалған MLB платформасында құрастырылады. Ал, жалпы сыртқы көрінісі Prologue концептіне ұқсас болады.

Айта кетейік, бұған дейін Audi Q1 (2017 жыл) және Q8 (2019 жыл) кроссоверінің сериялық өндірісін бастайтынын мәлімдеген еді. Q8 компания тарихындағы ең үлкен әрі ең қымбат жол талғамайтын көлік атанбақ. Себебі, оның ұзындығы 5 метрден асады. Ал, Q8 кроссоверінің нарықтағы негізі бәсекелесі – жуырда шығатын Bentley компаниясының жол талғамайтын көлігі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні