Биыл еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне 400-ден астам отбасы қоныс аудармақ

Биыл еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне 400-ден астам отбасы қоныс аудармақ


18:27, 18 қаңтар 2016
399 - рет қаралды

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік аймаққа 400-ден астам отбасы қоныс аударуы мүмкін.



Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда, аталған өңірге көшуге ниет білдірген 458 отбасының 50-і, яғни 200-ге жуық оңтүстікқазақстандық Солтүстікке көшіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған. Ал қалған отбасылар үшін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар қарастырып, құжаттарын реттелуде.

Бүгінде Күнгейден теріскейге көшкен отандастарымыздың дені құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Еске салсақ, өткен жылдың маусым айында өңірімізге Солтүстік Қазақстан облысының арнайы делегациясы келіп, аймағымыздың жұмысқа қабілетті азаматтарын солтүстікке қоныс аудару арқылы тұрғын үй, басқа да әлеуметтік көмектер (оның ішінде, жұмыс берушілердің есебінен 53 тұрғын үй, 3 пәтер, жатақхана т.б) көрсете отырып, жұмысқа шақырған болатын.

Осыдан соң, арада көп өтпей ОҚО әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың жетекшілігімен арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, сондағы 13 ауданның еңбек рыногының жағдайымен танысып қайтқан болатын, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні