Биыл Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының құрылғанына 2 жыл толады (ФОТО)

Биыл Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының құрылғанына 2 жыл толады (ФОТО)


19:39, 10 наурыз 2016
395 - рет қаралды

2014 жылдың 13 наурызында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы» мемлекеттік мекемесі ашылды.



Кітапхананы ашудағы мақсат - ҚР Президентінің жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының қызметін жолға қою, Қазақстанның қалыптасуы мен даму  тарихын, сондай-ақ, Президенттің бастамаларын еліміз бен шет мемлекеттерде насихаттау.  

Айта кетейік, Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы  кітапхана, мұрағат, музей мен сараптау орталығын біріктіретін іс басындағы Мемлекет басшысының орталығы.

Онда қазіргі таңда негізгі бөлігін ұлттық мәдени-тарихи құндылықтар құрайтын заманға сай электронды-мұрағаттық инфрақұрылым мен теңдесі жоқ ақпараттық ресурстар бар. Кітапханада Қазақстанды дамыту перспективалары мен жетістіктерді талқылауға және  Мемлекет басшысының жаһандық бастамаларымен байланысты әлемдік проблемалдардың сараптамаларына арналған халықаралық іс-шаралар мен форумдар өткізіліп тұрады.   

Сонымен қатар, мекеме ұлы саяси көшбасшылардың мұраларын сақтау мен насихаттау бағытында тәжірибе алмасу үшін шет мемлекеттердің осы кітапхана сияқты ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.  

Кітапхана сонымен қатар, мәдени-ағарту бағытындағы (оқушылар мен ұстаздар үшін семинар, тренингтер, тақырыптық экспозициялар, пікірталас клубтары мен т.б.) кешенді жобаларды жүзеге асырады.  

Кітапхананың www.presidentlibrary.kz ресми сайты арқылы кітапхана мен ондағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы  толық ақпарат алуға болады. Яғни, кітапхана мәліметтері баршаға қолжетімді.  

Ұлт көшбасшысының кітапханасы - құрылысы 2013 жылы аяқталған теңдессіз ғимаратта орналасқан. Ғимараттың авторы - әйгілі британиялық архитектор - Норман Фостер. 9 қабатты кітапхананың жалпы аумағы  30 мың шаршы метр. Ғимарат аспанға қаратылған алып көзді елестетеді. Архитектордың пайымы бойынша, ғимараттың ұлы да қайталанбас сұлбасы қазіргі заманғы Қазақстанның күш-қуатын паш етеді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні