Брюссельде бірнеше жарылыс болды

Брюссельде бірнеше жарылыс болды


18:58, 22 наурыз 2016
286 - рет қаралды

Брюссельде бүгін 4 бірдей жарылыс болды. Екеуі қаланың халықаралық әуежайында, тағы екеуі метрода болған.



Соңғы мәлімет бойынша 30 шақты адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған.

Брюссельдегі елшіліктің ресми ақпараты бойынша қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ. 

Полиция қызметкерлері барлық жерді қоршауға алған.  Әуежайға қатынайтын қоғамдық көліктің барлығы тоқтатылған. Брюссельге келетін, осы жақтан өзге елдерге шығатын әуе рейстерінің бәрі кейінге шегерілді.

Әуежайдағы жарылыс жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-00-де ұшу залында болған. Америкаға ұшатын жолаушылар арасында тұрған жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Әртүрлі ақпарат бойынша 30 шақты адам қаза тауып, жүздеген адам жарақаттанған. Әуежайдан кейін бірнеше сағаттан кейін қаладағы екі метрода жарылыс болды. 

Үкімет бұл оқтиғаларды ресми түрде теракт деп бағалап отыр.  Азаматтарға мейлінше сақ болуды ескертілуде.  


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні