Бүгін – ақын Асқар Егеубаевтың туған күні

Бүгін – ақын Асқар Егеубаевтың туған күні


09:27, 6 наурыз 2016
236 - рет қаралды



Ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері Асқар Құрмашұлы Егеубаев 1950 жылы 6 наурызда дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Шығыс Қазақстан облысы «Шамшырақ», «Достық» аудандық газеттерінде, «Қазақстан коммунисі», «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасы мен «Қазақ энциклопедиясы» редакциясы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қызметтер атқарған.

«Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар», «Сыр мен сымбат», «Сөз жүйесі», «Құс жолы», «Әділет» атты өлеңдер мен поэма, сын кітаптарының, «Кісілік кітабы», «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» деп аталатын монографиялардың авторы.

Әрі ақын, әрі ғалым Асқар Егеубаев сондай-ақ түркі мәдениетіне қатысты көне әдеби мұраларды қазақ тіліне аударып, зерттеу жұмысымен айналысқан. Ж.Баласағұнның «Құтадғу білігін» қазақ тіліне аударған.

Бұл кітап 1989 жылы Пекиннің ұлттар баспасынан араб әліпбиімен екінші рет жарық көрді. М.Қашқаридің үш томдық «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегін қазақ тіліне аударған.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні