Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ньюкасл» - «МЮ» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы АПЛ аясындағы «Ньюкасл» - «МЮ» матчын тікелей эфирде көрсетеді


13:01, 12 қаңтар 2016
288 - рет қаралды



Бүгін, 12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні, АПЛ аясында «Ньюкасл» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 01:35-те тікелей эфирде көрсетеді.

Соңғы турда «Суонси» командасын ұтқан «Манчестер Юнайтед» 33 ұпаймен чемпионатта 5-ші орында келеді. Ал, қатарынан соңғы 3 матчта жеңіліп келе жатқан «Ньюкасл» 17 ұпай иеленіп, АПЛ-да 18-ші орында тұр.

Сонымен қатар, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сәрсенбі күні «Ливерпуль» - «Арсенал» матчын сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні