Бүгін Ұлттық арна «Ливерпуль» - «Манчестер Сити» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Ұлттық арна «Ливерпуль» - «Манчестер Сити» матчын тікелей эфирде көрсетеді


11:38, 2 наурыз 2016
361 - рет қаралды

Бүгін футболдан Ағылшын премьер-лигасы аясында «Ливерпуль өз алаңында «Манчестер Сити» командасын қабылдайды.



Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

«Ливерпуль» АПЛ-дағы соңғы ойынын 14 ақпан күні «Астон Виллаға» қонаққа барып 0:6 есебімен жеңіске жеткен. Ал, дәл сол күні «Манчестер Сити» клубы Тоттенхэм» клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған.

Турнир кестесінде  «Ливерпуль» 38 ұпаймен 11-орында келеді. Ал, 47 ұпайы бар «Манчестер Сити» 4-орында тұр.

Айта кетейік, екі команданың да қоржынында ойналмаған бір ойыны бар.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні