«Дара жолда» - Әбиірбек Тінәлі

«Дара жолда» - Әбиірбек Тінәлі


11:07, 23 қаңтар 2016
1052 - рет қаралды

Сазгердің жақындары мен жора-жолдастарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де көре аласыздар.



«Анамның тілі», «Фариза», «Толғанай», «Желтоқсан желі», «Әттең-ай», «Қариялар азайып бара жатыр», «Ас-суың ба еді, атаңнан қалған?» сынды әндерімен көпшілікке танылған  сазгер Әбиірбек Тінәлі  өнер жолын Талас ауданы мәдениет үйінде қызмет етуден бастаған.

1977 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) мәдени ағарту училищесін бітірген. 1978 - 1990 жылы Жамбыл облысы драма театрында актер, 1990 - 2001 жылы Алматыдағы саз аспаптар мұражайында ғылыми қызметкер, 2001 жылдан Алматы облысы Қазақ драма театрында музыкалық бөлімінің жетекшісі қызметін атқарған.

Әнші, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері бүгін 21:00-де «Дара жолда» қонақта.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні