Дэвис Кубогы. Қазақстандық теннисшілер үшінші жұптық ойында жеңіске жетті

Дэвис Кубогы. Қазақстандық теннисшілер үшінші жұптық ойында жеңіске жетті


16:33, 6 наурыз 2016
270 - рет қаралды

Белградта (Сербия) Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалы аясында Сербия мен Қазақстан арасындағы ойындар өтіп жатыр.



Қос ел арасындағы үшінші жұптық ойында Қазақстан құрамасы сапынан кортқа Александр Недовесов/Андрей Голубев ал, сербиялықтардан Новак Джокович пен Ненад Зимонич шыққан болатын.

Үш сетке созылған ойында қазақстандық теннисшілер 3:6, 6:7, 5:7 есебімен жеңіске жетті.

Сербия мен Қазақстан арасындағы бірінші ойында Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Недовесов әлемнің №1 ракеткасы серб Новак Джоковичтан ұтылып қалған болса, екінші ойында Михаил Кукушкин қарсыласы Виктор Троицкиді ұтқан еді. Қазірше есеп – 1:2. Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні