Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық байқауын жариялады

Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» Ұлттық байқауын жариялады


18:41, 3 ақпан 2016
410 - рет қаралды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы тарихи жанрдағы бейнелеу өнері туындыларына ұлттық байқау жариялайды.



Конкурс еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы құндылықтарының контексінде біртұтас мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тарихшылармен және ғалымдармен, жазушылармен және философтармен қатар суретшілер де тарихтың, рухани мәдениеттің, ұлт пен ел өмірінің шежірешілері іспеттес.

Шебердің тарих тереңіне шын ықыласымен терең көз тастауы, сол кезден-ақ ғылыми қоғамның игілігі болған, қалың көпшілікке аса мәлім емес тарихи әңгімелердің (сюжеттердің), тақырыптар мен тұлғалардың мәнін ашып, көркемдеп бейнелеу оларды халықтың ұғымына түсінікті, белгілі және ұғынуына жеңіл етуге септігін тигізеді», делінген баспасөз мәліметтерінде.

 

 

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні