Эгей теңізінің түркиялық жағалауында 20-дан астам босқынның денесі табылды

Эгей теңізінің түркиялық жағалауында 20-дан астам босқынның денесі табылды


18:48, 5 қаңтар 2016
358 - рет қаралды

Алдын ала болжамдар бойынша, босқындар қайықпен Грецияның Лесбос аралына жетпек болған.



Эгей теңізінің түркиялық жағалауында 21 босқынның денесі табылды. Олардың 3-уі балалар.

Бұл туралы Reuters агенттігі жергілікті полиция қызметі өкілдерінің мәліметтеріне сүйене отырып, хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметтерінше, мигранттардың 11-нің денесі Айвалық қаласының маңынан, 10 мигранттың денес Дикили қаласының аймағынан табылған. Алдын ала болжамдар бойынша, босқындар қайықпен  Грецияның Лесбос аралына жетпек болған. Қазіргі таңда теңіз арқылы және әуе арқылы аман қалған босқындарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні