«Әйел бақыты» бағдарламасын көрермендер жаңа маусымда жаңа нұсқада көретін болды

«Әйел бақыты» бағдарламасын көрермендер жаңа маусымда жаңа нұсқада көретін болды


16:35, 26 ақпан 2016
351 - рет қаралды

«Қазақстан» Ұлттың арнасы көрермендерін көктемгі жаңа маусымда жарқын әрі шаттыққа толы көңіл-күймен қарсы алады.



Келе жатқан көктемгі маусым «Сезіміңді оят!» атты ұранымен басталмақ.

Көктемдегі қуанышты жаңалықтардың бірі көрермендердің талап-тілегі бойынша «Әйел бақыты» бағдарламасының эфирлік уақытының 30 минутқа ұзаруымен байланысты.  

Жаңа маусымда сүйікті тележүргізушілеріңіз әрі бағдарламаның авторы Ләйлә Сұлтанқызы көрермендерді көптеген әсерлі және әрі қызықты оқиғаларымен қарсы алатын болады.

Бағдарламаның жаңа форматта ұсынылуы студияға келген кейіпкерлердің өміріндегі жағдайлар мен проблемаларды тереңдете ашуға мүмкіндік береді.

«Әр әйел бақытты болуға лайық және сол бақыт шуақтарын жан-жағындағы адамдарға шашуы тиіс. Міне, «Әйел бақыты» бағдарламасының басты мақсаты да соған бағытталған және бағдарлама әр әйел затының қөмірлік көзқарасы мен оның жан-жақты қырларын ашып, таныстыру» - деп бөлісті ойымен Ләйлә Сұлтанқызы.

Бағдарлама әйел болу өнерінің қыры мен сырларын ашып, әйел әлемінің құпияларымен таныстырады. Әрбір көрермен бағдарламаны қарап отырып, сол сәтте кейіпкерлерімен бірге эмоциялық және драмалық саяхатқа жол тартады.

«Біздің бағдарлама кейіпкерімізге қарай отырып, әрбір әйел айтылып жатқан кеңестерге көңіл бөліп, әр адамның бақыты өз қолында екеніне сенімді болса деймін.  Ол үшін оған тумысынан бойына тән барлық қасиеттер берілгеніне нық сенімді болып әрекет ете бастауы қажет» - деп ойлайды Ләйлә Сұлтанқызы.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні