Екібастұз қаласында Қазақстанда қосымша білім беруді дамыту мәселелері талқыланады

Екібастұз қаласында Қазақстанда қосымша білім беруді дамыту мәселелері талқыланады


18:06, 15 қаңтар 2016
358 - рет қаралды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Павлодар облысы, Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен 2016 жылғы 22 қаңтарда Екібастұз қаласында қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді.



Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы жұмысына ҚР Білім және ғылым, Әділет, Инвестициялар және даму министрліктерінің, заң шығарушы және атқарушы органдардың өкілдері, Республикалық үйлестіру кеңесінің  қосымша білім беру ұйымдары басшылары мен мүшелері қатысады.

Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы аясында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мәселелелері бойынша дөңгелек үстел және әлеуметтік-педагогика бағытындағы семинар ұйымдастырылады.

Онда «Мәңгілік Ел» ұлттық идея мен Ұрпақ+» жобалары аясында қосымша білім берудің мазмұнының жаңартылуы, мемлекеттік-жеке меншік  әріптестігінің есебінен мектептен тыс ұйымдар мен балалардың қосымша білім алу қатырын ұлғайту мақсатында  әкімшіліктермен бірлескен қосымша іс-шаралары, кәмелет жасқа толмаған балалардың  сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында әлеуметтік мәселелер бойынша бағдарламалар әзірлеудің қажеттілігі сияқты өзге де бірқатар мәселелер қаралады, деп хабарлайды Білім және ғыдым министрлігінің баспасөз қызметі.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні