Елбасы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

Елбасы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады


16:50, 1 наурыз 2016
247 - рет қаралды

Мемлекет басшысы кездесу барысында митрополит Александр арқылы Қазақстанның барша православтарын Алғыс айту күнімен құттықтады.



Қазақстан Президенті бұл мейрам елде салтанат құрған тұрақтылық, бірлік және келісімнің символы ретінде шынайы халықтық мереке болып саналатынын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев бір-біріне деген ренішін кешіру, алғыс айту, құрмет көрсету және ынтымақ таныту Алғыс айту күнінің маңызды дәстүрлері екеніне назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Митрополит Александр Мемлекет басшысына осындай мерекенің белгіленгені үшін алғыс айтты.

«Бүгін барша Қазақстан халқы атап өтіп жатқан осы тамаша мерекемен Сізді құттықтауға рұқсат етіңіз. Егер былтырғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының және Конституцияның 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, сияқты елеулі оқиғалармен атап өтілсе, 2016 жыл – біздің Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Сондықтан, биыл Алғыс айту күнін тағайындау – өте дана шешім. Бұл күн татулық пен тұрақтылық үшін барлық этностардың бір-біріне және ең алдымен қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарын осы қасиетті жерде паналатқан, оларға қолдау көрсеткен қазақ халқына айтар алғысты білдіреді. Бұл – біздің халқымыз үшін қажет әрі маңызды мереке», – деді митрополит Александр. 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні