Елбасы Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады


19:30, 22 наурыз 2016
290 - рет қаралды

Елбасы Брюссель қаласында болған террорлық актіге байланысты Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады



Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы еліміз халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін айыптайтынын және осындай қиын сәтте Бельгия халқын  жан-жақты қолдайтынын айтты.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні