Елбасы Carrefour гипермаркетінен отандық өнімдерді сатып алды

Елбасы Carrefour гипермаркетінен отандық өнімдерді сатып алды


12:36, 16 ақпан 2016
354 - рет қаралды

Нұрсұлтан Назарбаев Grand Park Almatу сауда орталығының жаңа ғимаратында орналасқан гипермаркетті аралап, Қазақстанда жасалған өнімдерді көрді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірістен шыққан тауарлар сатып алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



Сонымен қатар, мұнда Қазақстан Президентіне сауда саласы мен жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштер туралы баяндалды.

Carrefour гипермаркетіне қазақстандық 500-ден аса компания өз өнімін жеткізеді, соның 130-ы – Алматы қаласы мен Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Сауда үйіндегі барлық тауар түрлерінің ішіндегі отандық өнімдер үлесі шамамен 40-50 пайыз болады.

8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Қазіргі кезде гипермаркетте 450 қызметкер жұмыс істейді. Инвестицияның жалпы көлемі 5 миллиард теңге болды.

 


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні