Елбасы кәсіпорындар мен өндірістерде жұмыс орындарын сақтаудың маңыздылығын айрықша атап өтті

Елбасы кәсіпорындар мен өндірістерде жұмыс орындарын сақтаудың маңыздылығын айрықша атап өтті


18:55, 17 наурыз 2016
218 - рет қаралды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады.



«Сондықтан, барлық өңірде әкімдіктер мен жетекші кәсіпорындар арасында жұмыс орындарын сақтау, жұмыс берушілердің жергілікті қайта оқыту бағдарламаларына қатысуы туралы меморандумдарға қол қойылды. Осындай күрделі жаһандық дағдарыс ахуалында біздің мемлекет жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің, еңбек адамына деген қамқорлықтың үлгісін көрсетіп отыр. 1 қаңтардан бастап біздер әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын, студенттердің стипендиясын, әлеуметтік төлемдерді көбейттік. Бүгінде бірде-бір ел бұлай істеп отырған жоқ.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында әлеуметтік кепілдік шаралары ұсынылды, жаңа еңбек кодексі қабылданды, кәсіподақтар рөлі күшейтілді. Келер жылдан бастап баршаға арналған тегін кәсіптік білім беру жөніндегі жаңа жоба іске қосылады. Соның арқасында миллиондаған қарапайым Қазақстан азаматы өмірге еңбек жолдамасын алады. Бұл – мемлекет тарапынан жастарға жасалған зор қолдау. Қарапайым адамдардың күнделікті қажеттіліктері, жаңа жұмыс орындары, лайықты еңбекақы, құқық тәртібі мен елдегі тұрақтылық – біздің дағдарысқа қарсы саясатымыздың басты назарында», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні