Әлібек Байбол: Драматургиядағы басты қағида – әр сөзді әрекетке құру

Әлібек Байбол: Драматургиядағы басты қағида – әр сөзді әрекетке құру


08:49, 14 наурыз 2016
262 - рет қаралды

«Таңшолпанның» «Жаңа есім» айдарының кейіпкері - жас драматург Әлібек Байбол.


Әлібек Байбол әдебиеттегі алғашқы қадамын прозадан бастады. Әрқилы сипаттағы әңгіме, повестерімен-ақ оқырман қауымды елең еткізді. Өзіне тән жазу машығын қалыптастырған соң драматургия жанрына ойысты.

«Мұнда артық сөйлемге, ұзын-сонар баяндауға орын жоқ. Әр сөзді әрекетке құру керек. Сонда ғана көрерменді театрдан шығармай ұстап отыруға болады».

Жас қаламгердің басты қағидасы - осы.

«Қазіргі мақсатым - өзімді мазалаған, жанымды ауыртқан дүниелерді сахнаға шығару. Ол халықтың мұңы, рухани ахуалдағы жайттар болуы мүмкін.  Мұның бәрі - болашақтың еншісінде. Көрермен қашанда сахнадан өзін көргісі келеді», дейді ол.  

Әлібек Байболдың  «Гүлдің аты - махаббат» пьесасы «Тәуелсіздік танытқан таланттар» байқауында бас жүлде алса, «Аспани адам» атты шығармасы жақында Арқалық қаласының жасөспірімдер театрында сахналанбақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні