Елімізде алғаш рет Алғыс айту күні аталып өтеді

Елімізде алғаш рет Алғыс айту күні аталып өтеді


06:50, 1 наурыз 2016
955 - рет қаралды

1 наурыз - Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Алғыс айту күні болып белгіленді.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен биыл елімізде алғаш рет Алғыс айту мерекесі аталып өтпек.

2015 жылдың 23 сәуірінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сесссиясында Ел Президенті 1 наурызды барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға Алғыс айту күні деп жариялау туралы ұсыныспен сөз сөйлеген.

Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және оларды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», деген болатын.

Осылайша, 1 наурыз -  Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрылған күні Мемлекет басшысының 2015 жылдың 14 қаңтардағы Жарлығымен  Алғыс айту күні болып белгіленді.

Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Айта кетейік, Алғыс айту күніне орай, бүгін Астанада Елбасының қатысуымен бірқатар шаралар өтеді. Сондай-ақ, республика аймақтарындағы этноорталықтарда мерекелік жиындар ұйымдастырылады.  


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні