Елорда әкімі тұрғындардың өміріне қатысты мәселелерді ерекше назарда ұстауды тапсырды

Елорда әкімі тұрғындардың өміріне қатысты мәселелерді ерекше назарда ұстауды тапсырды


13:00, 18 қаңтар 2016
222 - рет қаралды

Бұл тапсырмасын құзырлы орган өкілдеріне ол қала әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде берді.



«Халық пен қала тұрғындарының проблемалық мәселелерін уақытылы шешуге ерекше назар аудару керек», - деді Ә. Жақсыбеков.

Қажет болған жағдайда енді тұрғындардың сұрақтарына толық жауап беру үшін қалалық басқармалардың өкілдері де есеп беру кездесулеріне қатысады. Аудандар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерінің толық кестесімен елорда әкімдігінің сайтында танысуға болады.

Сонымен қатар, Астана әкімі қаланы абаттандыру мәселесін де көтерді. Қала басшысы қалалық мәселелерді шешудегі маңызды құрал ретінде «Елорданың сырт келбеті» модулін атап өтті.

Өткен жылы тамыз айында әкімдік жанынан құрылған мобильдік топ осы күнге дейін қаланың санитарлық жағдайы бойынша 2,5 мыңнан астам өтініш тіркеген. Олардың барлығы бірден тиісті органдарға орындауға жіберілді. Өз кезегінде, мемлекеттік органдар осы модульде кемшіліктің жойылғаны туралы хабарлайды, деп жазды astana.gov.kz сайты.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні