Елорда көшелеріндегі жаңа бейнетіркеу құралдары іске қосылады

Елорда көшелеріндегі жаңа бейнетіркеу құралдары іске қосылады


10:57, 24 ақпан 2016
178 - рет қаралды

«Вокорд» АБК қаланың апатты-қауіпті учаскелерін талдау нәтижелерін ескере отырып, орнатылды.



25 ақпаннан бастап «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешендері өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі. «Қауіпсіз қала» жобасы аясында 21 аппараттық кешен іске қосылады. Мұндай жылдамдық өлшеуіштер көлік құралдарының жылдамдық режимін асыру бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді. «Вокорд» АБК қаланың апатты-қауіпті учаскелерін талдау нәтижелерін ескере отырып, орнатылды.

«Компания елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды қолданады. Осының барлығы ТҚКЖ – «Астана қаласының тіршілікті қамтамасыз етудің кешенді жүйесі» жобасында ұсынылған. Жоба аясында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеу үшін аппараттық-бағдарламалық кешендер пайдалануға енгізіледі», – деді «Astana Innovations» АҚ төрағасының орынбасары Ескендір Тажибеков баспасөз маслихаты барысында.

Қорғалжын тасжолында тазартқыш ғимараттарға қарсы, Тұран даңғылы, 72, Ұлттық қорғаныс университетіне қарсы, «Қарқаралы» тасжолымен қаладан шыға берісте оңтүстік бағытта Garden Village коттедж қалашығына қарсы, Керей және Жәнібек хандар көшесінде «Саранда» ТК қарсы және Байырқұм көшесімен көтерме көкөніс базасына қарсы екі-екі жылдамдық өлшеуіш қондырғыдан орнатылмақ. Сығанақ көшесінде (көшенің басында және Орынбор даңғылымен қиылысатын ауданда) бес қондырғы, «МЕТРО» СО қарсы «Астана-Қарағанды» тасжолының бойында, сондай-ақ, айналма жол көпірі мен Мичурино кентінің арасында алты бейнетіркеу қондырғысы қойылмақ.

Жаңа қондырғылардың ерекшелігі объектінің жылдамдығын радарлық немесе оптикалық әдіспен анықтау қабілеттілігі, бұл ретте оның жұмыс істеп тұрғаны сырттан көрінбейді. Жүргізушілерді ескерту мақсатында ақпараттандыру белгілері қойылды. «Воккорд» АБК түнде мемлекеттік номерлерді тануға мүмкіндік беретін ИҚ-прожекторлармен жабдықталған, анықтау нақтылығы 98 пайызды құрайды.

«Жаңа кешендердің ескілерден айырмашылығы – олар жылдамдықты радарлық және оптикалық тәсілмен тіркейді. Кешен ақпаратты өз бетінше сақтап, байланыс орнатылған соң оны таратады. Құрылғыда нақты жылдамдық шегі белгіленбеген, ол көлік кадрына іліккен уақыттан бастап бақылайды», – деп түсіндірді Ескендір Тәжібеков.

Көлік құралын трікеу туралы мәліметтер бірыңғай электронды файлмен ұсынылады, оған көлік қозғалысының өлшенген жылдамдығы, көліктің мемлекеттік тіркеу номері көрсетілген фотосурет, өлшеу қондырғысының орналасқан орны туралы мәлімет, көлік құралы қозғалысының бағыты, көліктің нақты жылдамдығын тіркеу уақыты мен күні, автожолдың осы бөлігінде рұқсат етілген жылдамдық, тіркелген жол қозғалысы ережесін бұзу туралы ақпарат кіреді. Жол ережесін сақтамау туралы мәліметтер ұйғарым түрінде көлік иесінің мекен жайына жіберіледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астана қаласының ІІД бейнебақылау жүйелерінің көмегімен жылдамдық режимін бұзу бойынша үш мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні