Елорда мектептерінде техникалық мамандықтарға оқыту жобасы іске қосылды

Елорда мектептерінде техникалық мамандықтарға оқыту жобасы іске қосылды


12:01, 12 қаңтар 2016
231 - рет қаралды

Елордада қаңтар айынан бастап 24 мектепте техникалық мамандықтарға оқыту басталды.



Ілкі жоба аясында 10-11 сынып оқушыларын екі жылдық кәсіптік даярлау жүзеге асырылатын болады.

Жобаның мақсаты - оқушыларды кәсіптік бағдарлауды жүзеге асыру болып табылады. Мектеп түлектері аттестат алған кезде жаңа бағдарлама есебінен белгілі бір мамандық бойынша базалық білім алып шығады. Оқушыларға шаштараз шебері, электронды есептегіш машиналар операторы, референт-хатшы, бармен және даяшы мамандықтары бойынша курстарды аяқтағаны туралы куәлік беріледі. Олар мектепте теориялық, ал колледжде практикалық білім алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен және Білім басқармасының ұйымдастыруымен қазір қаланың 24 мектебінде бейіндік оқыту бойынша оқушылар арасында сыныптар ашылып жатыр. Қараша-желтоқсан айларында әрбір мектепте оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Жұмыс істегісі келетін 10-11 сыныптарда жұмыс мамандықтары бойынша оқығысы келетін оқушылардың көпшілігі осы мектептерден анықталды. Сондықтан осы 24 мектепте кәсіптік бағдарлау бойынша сабақтар басталды,-дейді   Кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің басшысы Салтанат Бақтығараева.


Аймақ жаңалықтары

Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні